BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Onshore – kk Choose B.C. – kk Student Supports – kk

Студенттерді қолдау

Hero Image

Студенттердің қауіпсіздігі және оларды қолдау Британдық Колумбия үшін басты орында тұрады. Британдық Колумбияда тұратын және шетелден келген студенттерді қолдаудың бірнеше жолы бар. Оларға психикалық денсаулығын сақтау, келемеждеуге қарсы қолдау көрсету, нәсілшілдікке қарсы қолдау көрсету, қабылдаушы отбасындағы қауіпсіздік т.с.с. жатады.

Британдық Колумбия K-12 Шетелдік студентті қабылдаушы отбасы бойынша нұсқаулық

Осы нұсқаулықтың мақсаты – Британдық Колумбияның K-12 қабылдаушы отбасы секторы бойынша провинцияның дәйекті, ең үздік іс-тәжірибе стандарттарын қамтамасыз ету.

erase – Сыйластық пен қауіпсіз білім алуды күту

Интернеттегі қауіпсіздік, психикалық денсаулық және амандық-саулық мәселелері, келемеждеу, нәсілшілдік, кемсітушілік, жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестік (SOGI) және студенттердің алдынан шығатын басқа да күрделі проблемалар бойынша көрсетілетін қызметтер және ақпарат.

Келти психикалық денсаулығы ресурстар орталығы

Психикалық денсаулық мәселелеріне, есірткі заттарды, дәрі-дәрмектерді пайдалануға және салауатты өмір салтына қатысты ресурстарды береді.

Британдық Колумбияның Балаларға арналған сенім телефоны

Егер сіз бала не жасөспірім болсаңыз және біреумен сөйлескіңіз келсе, балаларға арналған сенім телефонына қоңырау соғыңыз. Қала кодын теру қажет емес. Күн мен түннің кез келген мезгілінде қоңырау соғуға болады және аты-жөніңізді айту қажет емес.

Телефон: 310-1234

Балаларға көмек көрсету телефоны

20 жасқа толмаған балаларға көрсетілетін кеңестемелік, анықтамалық және қолдау қызметі.

Телефон: 1-800-668-6868

Hero Image