BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Onshore – kk Choose B.C. – kk

Британдық Колумбияны таңдау

Hero Image
Hero Image

Жоғары сапалы білім беру

Британдық Колумбияның үздік білім беру жүйесі бүкіл әлемде танылған және оны бітіргені туралы сертификат, Догвуд дипломы шексіз жоғары білім алу мүмкіндіктеріне есік ашады.

Қосымша мәлімет

Сан алуан оқу бағдарламалары

Британдық Колумбия сындарлы ойлау және өзгеріп жатқан әлемге бейімделе білу бойынша күшті машықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етуге ұмтылады.

Қосымша мәлімет

Жоғары білім алу жолдары

Дүние жүзіндегі колледждер мен университеттер таныған Догвуд дипломы – жоғары білім алуда табысқа апаратын жол.

Қосымша мәлімет

Қауіпсіздік

Канада доспейіл адамдарымен және қауіпсіз ортасымен белгілі.

Британдық Колумбияның қылмыстар бойынша төмен көрсеткіштері, ондағы өмірдің биік стандарты және доспейіл адамдары ата-аналар мен оқушылардың мазасызданбауына жағдай жасай алады, себебі осының бәрі осы провинцияны білім алуға барынша лайықты жерге айналдырады.

Канада Америкадағы ең қауіпсіз ел болып табылады және ол ұдайы дүние жүзіндегі ең қауіпсіз 10 елдің қатарында.

Көркем табиғат

Британдық Колумбия Жер бетіндегі ең әдемі көріністердің біразын иеленетінін мақтан тұтады.

Британдық Колумбия табиғатының таңғажайып сұлулығымен дүние жүзіне танылған. Британдық Колумбияның мұзарт таулар мен қалың ормандардан бастап ақ құмды жағажайлар мен мөп-мөлдір өзен-көлдерге дейін әркімнің көңілінен шығатын жерлері көп. Оқушылар жыл бойы сан алуан спорт түрлерімен айналыса алады, олардың қатарында кемпинг, қайықпен жүру, серфинг, велосипед пен шаңғы және басқалары бар.

Hero Image
Hero Image
Hero Image
Hero Image
Hero Image
Hero Image
Hero Image