Diverse program offerings – kk
Британдық Колумбияның оқу бағдарламасының негізгі элементтері: негізгі құзыреттер, негізгі пәндер, сонымен бірге оқу-жазу және арифметикалық сауаттылық негіздері. Осы үш сипаттың барлығы да тереңірек білім алуға үлес қосады.
Негізгі құзыреттер оқудың барлық салаларындағы оқу бағдарламасының негізін құрайды. Олар білімді азаматқа тән және барлық оқушыларда бағаланатын нәрселер болып табылады.
Әрбір пән бойынша оқу бағдарламасына оқушылардың негізгі білім алуы кіреді. Ол бүгінгі әлемде қажетті жоғары деңгейде ойлай білуге ынталандыратын негізгі мазмұнды, ұғымдарды, машықтар мен үлкен идеяларды қамтиды.
Сауаттылық — мақсатқа жету үшін байланыс жасаудың сан алуан түрлерін түсіну, сындарлы талдау және құру қабілеті. Бұған ауызша, жазбаша, көрнекі, цифрлық және ақпарат құралдарының көмегімен байланыс жасау кіреді.
Арифметикалық сауаттылық — мәні әр түрлі мәселелерді шешу үшін математикалық ұғымдарды, процестер мен машықтарды түсіну және қолдану қабілеті.
Оқу-жазу мен арифметикалық сауаттылық қабілетінің бүкіл білім алу үшін маңызы зор. Оқу-жазу мен арифметикалық сауаттылық қабілеті әдетте тіл үйренумен және математикамен тығыз байланысты болғандықтан, ол Британдық Колумбияның оқу бағдарламасындағы барлық оқу салаларында қолданылады.
Оқудың барлық салалары ұғымдар мен құзыреттерге негізделген оқыту тәсілдемесін қолдау үшін «Білу-Істеу-Түсіну» моделіне негізделеді.
Мазмұн (білу), оқу бағдарламасы бойынша құзыреттерге (істеу) және үлкен идеялар (түсіну) деген үш элементтің барлығы тереңірек оқытуды қолдау үшін бірге жұмыс істейді.
Британдық Колумбияның оқу бағдарламасы мұғалімдердің көпшілігі 21 ғасырда терең, оңайырақ берілетін оқып-үйренуге ынталандыру үшін ең маңызды деп санайтын екі сипатты біріктіреді: ұғымдарға негізделген оқыту тәсілдемесі және құзыреттерді меңгеруге назарды шоғырлау. Оқушыларды белсенді тартуға бірдей ден қоятындықтан осы екі тәсілдеме бір бірін толықтырады. Жай ғана тыңдау немесе жазылғанды оқу емес, «іс істеу» арқылы тереңірек білім алуға болады. Сол сияқты ұғымдардың негізінде оқып-үйрету мен біліктілікті арттыру оқушыларды білім алу ісін нақты дүниемен байланыстыратын міндеттерді орындауға жетелейді.