BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Onshore – kk

Британдық Колумбияны таңдау

Қосымша мәлімет

Hero Image

Британдық Колумбиядағы мектепке тіркелу

Қосымша мәлімет

Hero Image

Британдық Колумбия тәжірибесі туралы толық мәлімет

Қосымша мәлімет

Hero Image

БритандықКолумбия: Әлемдікдеңгейдебілімберужәнемүмкіндіктер

Британдық Колумбияның білім беруге деген бұлжымас ұмтылысы оның әлемдегі үздік білім беру жүйелерінің бірі ретінде бағалануынан көрінеді. Жақсы қаржыландырылған мектептердің заманауи ғимараттары және бағдарламалары бар. Ұдайы жетілдіріліп отыратын оқу бағдарламасы курстардың ілгерінді нұсқаларын ұсынады және оқушыларды сындарлы әрі жасампаз ойшылдар ретінде қалыптастыруға талпынады.

K-12 секторындағы балалармен жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибесі, білімі мен жеке қасиеттері бар екеніне көз жеткізу үшін Британдық Колумбияның мұғалімдері қатаң сертификаттау процесінен өтеді. Британдық Колумбия – табысты болашақ үшін оқуға және оны қалыптастыруға ең лайықты орын.

Hero Image

Озық курстардың үнемі дамып отыратын оқу бағдарламасы

Hero Image

Әлемдегі ең беделділердің арасындағы білім беру жүйесі

Британдық Колумбияның білім беру жүйесі – әлемдегі ең беделділердің бірі. Британдық Колумбия жыл сайын жаңадан көшіп келген және мыңдаған шетелдік оқушылардың таңдаулы орнына айналған, себебі:

Догвуд дипломы (Британдық Колумбиядағы оқу орнын бітіру туралы сертификат) дүние жүзінде биік жетістіктердің және ағылшын тілін меңгерудің стандарты ретінде қабылданады.

Британдық Колумбияның білім саласы оқушыларға жоғары сапалы оқып-үйрену мүмкіндіктерін ұсынуы үшін Британдық Колумбия жүйесінде сапа бақылау мен жауапкершілік көтеру шаралары қабылданады.

Көптеген орта мектеп түлектері Британдық Колумбиядағы, Канададағы, Америка Құрама Штаттарындағы және дүние жүзіндегі жоғары оқу орындарына қабылданады.

Ұлттық және халықаралық емтихандарда Британдық Колумбиядан келген оқушылар Канада мен дүние жүзінде үздіктердің қатарында болады.

Мектептердің көпшілігінде сан алуан елдерден келген, сан алуан тілдер мен мәдениет өкілдері оқиды.

Hero Image

Министрліктің саясаттары немесе процестері туралы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз

Contact

  • This field is for validation purposes and should be left unchanged.