BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Offshore – kk Students and parents – kk Unique advantages – kk

Бірегей артықшылықтар

Hero Image

  Мықты білім беру жүйесінің ерекшелігі – үздіксіз жақсара беруге ұмтылуы.

Британдық Колумбия өз аумағында да, шетелдегі офшорлық мектептерде де әлемдегі жетекші білім беру жүйелерінің бірі болып қалу үшін қажырлы жұмыс істейді.

Британдық Колумбия жыл сайын жаңадан көшіп келген және мыңдаған шетелдік оқушылардың таңдаулы орнына айналған, себебі:

  • Британдық Колумбиядағы оқу орнын бітіру туралы сертификат (Догвуд дипломы) дүние жүзінде биік жетістіктердің және ағылшын тілін меңгерудің стандарты ретінде қабылданады.
  • Британдық Колумбия барлық оқушыларға жоғары сапалы оқып-үйрену мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі үшін Британдық Колумбияның білім беру жүйесінде сапа бақылау мен жауапкершілік көтеру шаралары қабылданады.
  • Көптеген орта мектеп түлектері Британдық Колумбиядағы, Канададағы, Америка Құрама Штаттарындағы және дүние жүзіндегі жоғары оқу орындарына қабылданады.
  • Ұлттық және халықаралық емтихандарда Британдық Колумбиядан келген оқушылар Канада мен дүние жүзінде үздіктердің қатарында болады.
  • Мектептердің көпшілігінде сан алуан елдерден келген, сан алуан тілдер мен мәдениет өкілдері оқиды.

Британдық Колумбияның оқу бағдарламасына қоса, оқушылар мен оқу орындарына мынадай пайдасы бар:

  • Офшорлық мектептерде жұмыс істейтін Британдық Колумбия мұғалімдерінің біліктілігі мен тәжірибесі — олардың еңбегі оқыту тәжірибесін байытады және мектептерге халықаралық оқу бағдарламасын дамытуға көмектеседі.
  • Британдық Колумбияның дамып келе жатқан экономикасы мектеп бітірушілерге Британдық Колумбияда тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.