BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Offshore – kk Students and parents – kk Testimonials – kk

Пікірлер

Hero Image

Менің сындарлы ойлау машықтарым жақсарды.

Топтық талқылау – білім алудың ең жақсы жолы.

Британдық Колумбияның халықаралық мектептері мен мұғалімдері сізді өз бетіңізбен ойлап, сөз сөйлеуге, тәуелсіз болуға ынталандырады.

Университеттер оқушылардың ағылшын тілі деңгейі бірінші және екінші курстағы университет студенттерінен жоғары екенін айтады.

Британдық Колумбияның білім беру жүйесі басқаша. Ол нақты іс-тәжірибеде үйретеді.

Қазіргі жаһандық заманда бірнеше тілде сөйлеу әрқашан артықшылық болып табылады.

Біздің мектепті бітірген оқушылар Догвуд дипломын алғаннан кейін шексіз мүмкіндіктерге ие болады.

Осы бағдарламаларды оқығанда сіз жаңа әлемге кіріп, алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Сан алуан мәдениет өкілдері бір жерде бас қосқанда керемет талқылаулар мен пікірсайыстар өтеді.

Олар сізге өмірде кездесетін кез келген мәселені шеше аласыз деген сенім ұялатады.

Мәдениеттердің сан алуандығы – олардың өміріне Британдық Колумбияның оқу бағдарламасының берген сыйы мен артықшылығы.

Біз құбылыстарды нақты өмірмен байланыстырамыз, сонда оқу қызығырақ, одан да көбірек оқи бергіміз келеді, бұл бізді одан сайын ынталандырады.

Біз оқушыларды сындарлы ойлап, міндеттерді шешуге ынталандырамыз.

Британдық Колумбияның офшорлық мектептері оқушыны бірінші орынға қоя отырып оқытуға көбірек көңіл бөледі.

Догвуд дипломы көптеген елдерде танылған.

Біз оларды қызықтыратын жайттарды іздейміз. Сондықтан да олар күн сайын мектепке барғанды жақсы көреді.

Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы бүгінгі күні кеңінен танымал, бірақ оның үлгерімі орташа студент үшін тым қиынға түскен кездері болған. Британдық Колумбия жүйесінің тәсілдемесі халықаралық бакалавриатқа өте ұқсас, бірақ халықаралық бакалавриаттағыдай оқушы үлгеріміне кедергі онда жоқ.

Біздің тексеру процесіміз бірегей. Бұл ережелерді орындаудың «тиісті жұмыс істеліп жатыр» және басқа мектептерде «жақсы нәтиже берген жұмыстың» теңгерімі.

Догвуд дипломы оларға Батыс елдеріндегі кез келген университеттің есігін ашады.

Британдық Колумбияның оқу бағдарламасы ұсынатын курстар саны өте көп. Міндетті мазмұн мен кітап тізімдерінен үлкен идеяларға, сауалдарға, құзыреттерге және 21 ғасыр шәкіртіне тән сипаттарға ден қою — келешек оқушылардың ата-аналарын қатты қызықтыратын жайт.