BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Offshore – kk BC’s Curriculum and assessment overview – kk The educated citizen – kk

Оқыған азамат

Hero Image

Британдық Колумбияның оқу бағдарламасы 21 ғасырдың «Оқыған азаматтары» ретінде, жаһандық мүмкіндіктердің кең ауқымын пайдалануға қажетті сипаттарды меңгере отырып мектеп бітіруге жағдай жасайды.

Оқу барысында оқушылар сындарлы талдау мен тәуелсіз ойлау қабілетін дамытады. Олар негізгі оқу машықтары мен ілім-білімді үйренеді. Ең маңыздысы, оқушылар білім алудың бағасын ұдайы түсініп, әлем тануға деген әуестікті және жасампаздық ой-сана мен әсерлену қабілетін дамытады.

Жеке тұрғыдан, оқушылар өзін өзі бағалауға және бастама көтеруге, сондай-ақ мәдени мұра мен денсаулықтың маңызын түсінуге дағдыланады. Олар түрлі ой-пікір мен нанымдарға дұрыс көзқарас танытып, құрметпен қарауды үйренеді. Ең маңыздысы, оқушылар өздерінің жеке адам, отбасы мүшесі, қоғам мүшесі, Канада мен әлем азаматы ретіндегі міндеттерін біледі.

Оқушылар оқуын мансап сатысымен көтерілудегі және жоғары білім алудағы мақсаттарына жетуге жақсы дайындық күйінде бітіріп шығады. Британдық Колумбияның оқу бағдарламасы оқушыларды өмірдің көптеген қырларында орын алатын өзгерістерге бейімделе білуге, соның ішінде тиімді оқып-үйрену дағдыларына және жұмыстағы жаңа жағдайларға бейімделе білуге үйретеді.