Offshore – kk
Британдық Колумбияның оқу бағдарламасын өз еліңізде оқыңыз
Дүние жүзінде беделге ие болған білім беру жүйесі
Британдық Колумбияның офшорлық мектебін ашу
Британдық Колумбияның «Офшорлық мектеп» бағдарламасы дегеніміз не?
Британдық Колумбияның (B.C.) Білім беру және балаларға қамқорлық министрлігі дүние жүзіндегі оқушыларға бүкіл әлемде танылған, инновациялық оқу бағдарламасын БритандықКолумбияның«Офшорлықмектеп»бағдарламасы арқылы ұсынады. Британдық Колумбияның әлемдегі офшорлық мектептерін бітіргенде оқушы Британдық Колумбияның оқу бітіргені туралы Догвуд дипломын өз елінен шықпастан-ақ ала алады. Көптеген оқушылар мен жанұялар орта мектептен кейін Британдық Колумбияда немесе Канадада оқығысы, мүмкін тіпті болашақта Канадада жұмыс істеп, сонда тұрғысы келетіндіктен Британдық Колумбияның офшорлық мектебін таңдайды.
Ұлттық және халықаралық емтихандарда Британдық Колумбиядан келген оқушылар Канада мен дүние жүзінде үздіктердің қатарында болады.
Британдық Колумбияның офшорлық мектеп бағдарламасында барлық оқушыларға жоғары сапалы оқып-үйрену мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін сапа бақылау мен жауапкершілік көтеру шаралары қабылданады.
Халықаралық білім беру жүйелеріндегі
әлемдік көшбасы
Әлемдегі ең беделділердің арасындағы білім беру жүйесі
Догвуд дипломы (Британдық Колумбиядағы оқу орнын бітіру туралы сертификат) дүние жүзінде биік жетістіктердің және ағылшын тілін меңгерудің стандарты ретінде қабылданады.
Британдық Колумбияның білім саласы оқушыларға жоғары сапалы оқып-үйрену мүмкіндіктерін ұсынуы үшін Британдық Колумбия жүйесінде сапа бақылау мен жауапкершілік көтеру шаралары қабылданады.
Көптеген орта мектеп түлектері Британдық Колумбиядағы, Канададағы, Америка Құрама Штаттарындағы және дүние жүзіндегі жоғары оқу орындарына қабылданады.
Ұлттық және халықаралық емтихандарда Британдық Колумбиядан келген оқушылар Канада мен дүние жүзінде үздіктердің қатарында болады.
Офшорлық мектептерде жұмыс істейтін Британдық Колумбия мұғалімдерінің біліктілігі мен тәжірибесі — олардың еңбегі оқыту тәжірибесін байытады және мектептерге халықаралық оқу бағдарламасын дамытуға көмектеседі.
Британдық Колумбияның дамып келе жатқан экономикасы мектеп бітірушілерге Британдық Колумбияда тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.