BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Onshore – kk More about the B.C. experience – kk Diverse homestays – kk

Сан алуан қабылдаушы отбасылар

Hero Image

Канада сан алуан халықтардың мекені, оның «Құқықтар мен еркіндіктер хартиясына» көп мәдениеттілік кірістірілген. Қабылдаушы отбасылар осы сан алуандықты паш етеді, оқушыларға түрлі мәдениеттермен, тағамдармен және әдет-ғұрыптармен танысуға мүмкіндік береді. Олар екі ата-ана немесе бір ата-ана бар отбасылар болуы мүмкін және олардың бала-шағасы немесе үй жануарлары болуы немесе болмауы мүмкін.

Британдық Колумбияға келгенде, тағамдар өзіңіз ішіп жүргеннен мүлде басқаша болып шығуы мүмкін. Қабылдаушы отбасымен өзіңізге ұнайтын және ұнамайтын тағамдар туралы сөйлесіңіз. Дегенмен, тағамдар кез келген мәдениеттің маңызды бөлігі, сондықтан, қабылдаушы отбасы жейтін тамақты жеп көруге дайын болуыңыз керек.

Барлық отбасыларда бірдей болмағанымен, таңғы ас әдетте жеңіл болады, түскі асты үйден алып кетіп, мектепте ішеді, ал кешкі ас ең басты әрі ең көлемді ауқат болады.

Сізге күн сайын таңғы асты өзіңіз дайындап, түскі асты мектепке ыдысқа салып ала кетуге тура келуі мүмкін.

Үйшаруасы = күнделіктіміндет/жұмыс, әсіресеүйдеатқарылады

Қабылдаушы отбасымен бірге тұрғанда, өзіңізді сол отбасының мүшесі деп санау керек. Яғни, сіз отбасының өміріне қатысасыз. Бұған отбасының үй шаруасына көмектесу кіруі мүмкін.

Үй шаруасына үйде үнемі атқарылатын шағын істер жатады, мысалы, ас үйді тазалау, ыдыс жуғыш машинаға ыдыс-аяқты салу және шығару, өз жатын бөлмесін тазалау және қоқыс шығару немесе оны қайта өңдеуге тапсыру.

Тамақ пісіруге көмектесу – қабылдаушы отбасымен бірлесіп уақыт өткізудің және жағымды істердің біріне атсалысудың тамаша жолы.

Британдық Колумбия қабылдаушы отбасының, оқушылар мен мектептердің рөлдері мен міндеттерін түсіндіретін нұсқаулық әзірлеген.

Оқушы мен оның ата-анасы қабылдаушы отбасында тұрғанда нені күтуге болатынын түсінуі үшін осы нұсқаулық он бір тілге аударылған.

Британдық Колумбиядағы қабылдаушы отбасылар бойынша нұсқаулықты міндеттер және ықтимал жайттар туралы қосымша ақпарат алу үшін оқыңыз. Қабылдаушы отбасының ақпарат көзі болып, қолдаушы ретінде әрекет ете алатынын есте сақтаңыз. Мысалы, медициналық көмек керек болса, қабылдаушы отбасы мүшелерінің біреуінен өзіңізбен ілесіп баруын өтінген дұрыс болуы мүмкін.