BC for High School branding logo
BC for High School
Skip to navigation Skip to Contents Skip to Accessibility Statement
Search Menu
Home Onshore – kk Enrolling in a B.C. school – kk Find a B.C. school – kk

Британдық Колумбияда мектеп іздеу

Hero Image

Аймақтар және аудандық білім бөлімдері

Канаданың батыс жағалауында орналасқан Британдық Колумбияның географиялық жағдайлары сан алуан және кейде бір аймақтың өзінің айырмашылықтары өте көп болуы мүмкін. Мұнда Британдық Колумбияның негізгі аймақтарына қысқаша шолу жасалған:

Британдық Колумбияның Үлкен Ванкувер аймағы – Канададағы халық ең көп қоныстанған аумақтардың бірі әрі оқу мен өмір сүру үшін әдемі жер.

Ванкувер мен Сюррейдің орталығындағы көп қабатты үйлерден бастап отбасыларға қолайлы қала маңына дейін әр адамға лайықты тұрғын жай бар.

Ванкувер аралы аймағында жоғары оқу орындары бар, одан Ванкувер мен Сиэттлге оңай жетуге болады, көркем табиғат және доспейіл қалалар мен қалашықтар көп.

Мұнда Британдық Колумбияның астанасы Виктория бар, ол Ванкувер аралы аймағының оңтүстік шетінде орналасқан.

ТомпсонОканаган
Ванкуверден аймақтың ішіне саяхаттағанда әдемі жүзім алқаптарын, жеміс бақтарын, көлдерді, жағажайлар мен тауларды көруге болады. Аймақтың жаздағы ауа райы ыстық әрі құрғақ болса, ал қыста тамаша шаңғы курорттарында демалуға болады.

Кутенай
Кутенай аймағы – провинцияның оңтүстік шығыс аумағында орналасқан “Жартасты таулар” ойын алаңы.

Мұнда ешкім жүрмеген жерде шаңғы тебуге және аймақтың толып жатқан көлдерін, ыстық қайнарлары мен жаяу соқпақтарын тамашалауға болады.

Британдық Колумбияның солтүстік шығысы Пис өзені аңғарынан Жартасты тауларға дейін созылады және онда Форт Сент Джон, Принц Джордж және Доусон Крик сияқты қалалар орналасқан.

Бұл аймақты кемпинг, балық аулау, жаяу саяхаттау т.с.с. сияқты табиғат аясында болғанды ұнататын адамдар жақсы біледі.

Карибу Чилкотин жағалау аймағында Белла Кула, Уильямс Лейк және Квеснел сияқты шағын қалалар орналасқан.

Бұл аймақ балық аулау, жаяу саяхаттау және кемпинг жасау сияқты табиғат аясының қызықтарын ұсынады. Тіпті ковбойлар жасайтын істермен және алтын шаюмен айналысып көруге болады!

* Британдық Колумбия туралы толық ақпарат алу үшін Hello BC бетіне өтіңіз.

Британдық Колумбия аймағындағы аудандық білім бөлімдерімен және жекеменшік мектептермен танысыңыз.